Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жоғалған 87 жастағы әжей аман-есен табылды

Атырауда жоғалған 87 жастағы әжей аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында қала тұрғыны Атырау мөлтек ауданындағы аялдамалардың бірінде егде жастағы әжейдің ұзақ уақыт бойы қараусыз отырғаны туралы хабарлама берген. Полиция қызметкерлері дереу аталған аялдамаға жетіп, салқын күні суықтап отырған кейуананы қызметтік көліктеріне отырғызып, әңгімелесу кезінде әжей соңғы уақытта басынан қандай оқиға өткені есінде жоқ екенін, өзінің есімін де, қай жерде тұратынын да білмейтінін айтады.

Тәртіп сақшылары дереу жақын маңда орналасқан тұрғын үй кешендерінің аулалары мен көшелерін аралап әжейдің үйін тауып, аман-есен отбасына жеткізді.

Дер кезінде үйіне жеткеніне қуанған әжейдің балалары өз күштерімен іздегенмен еш нәтиже болмағанын айтып, полиция қызметкеріне Дастан Сағынбаев пен Ақылбек Жиенғалиевқа алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру