Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандарға арналған еңбек жобасы кеңейіп келеді

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №7 мекемеде сотталғандарды еңбекке тартып, психологиялық қолдау көрсету бағытындағы бағдарламалар тиімді іске асуда. Соның бірі – қоян өсіру жобасы, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастама сотталғандардың жауапкершілік, мұқият болу және еңбек тәртібі сияқты дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартады. Күнделікті қояндарды азықтандыру, қораларды тазалау және денсаулығын бақылау – шыдамдылық пен жанашырлықты қажет ететін жұмыс.

Мекеме психологтарының айтуынша, жануарларға қамқорлық жасау күйзелісті азайтып, агрессияны төмендетеді және еңбекке деген оң көзқарас қалыптастырады. Ал қоныстанудан кейін бұл дағдылар сотталғандардың кәсіби дамуына, қоғамға қайта бейімделуіне сеп болады.

Жобаны "AS Constracy" ЖШС жүзеге асырып отыр. Қазіргі уақытта шағын фермада шамамен 50 қоян бар. Жақын уақытта қоян санын 800–1000 басқа дейін көбейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарда бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру