Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында учаскелік инспектор мал ұрыларын анықтады

Ақмола облысында учаскелік инспектор мал ұрыларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолалық полицейлер «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қой ұрлаған күдіктіні анықтады. 22 қыркүйекте Жақсы АПБ кезекші бөліміне шаруа қожалығының басшысы малдың жетіспейтінін анықтап, 5 бас ұсақ мал жоғалғаны туралы өтініш білдірді. Шығын сомасы 150 мың теңгені құрады. Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Учаскелік полиция инспекторы күдіктілерді жеке тергеу барысында анықтады, олар 30 жастан 46 жасқа дейінгі төрт жергілікті тұрғын болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мал ұрлығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабымен жеке енгізілген болатын және осы қылмыс үшін жаза анағұрлым қатаңдатылды. 

Бұл норма үлкен мәнге ие, өйткені көбінесе мал ауыл тұрғыны үшін жалғыз өмір сүру құралы болып табылады, ал кейбір азаматтар үшін мал ұрлау кәсіпке айналады.

2020 жылғы қаңтардан бастап осы санаттағы қылмыстық істер бойынша теріс қылық және ауырлығы орташа қылмыс дәрежесі бойынша сараланбайды, жай құрамы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы және ірі мөлшерде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру