Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі: СҚО-да қуыршақ театрының әртістері ЖЖЕ түсіндіруде

СҚО-да қуыршақ театрының әртістері ЖЖЕ түсіндіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар поэмасының жағымды кейіпкері Степа ағай жол жүрісі ережелерін түсіндіру үшін петропавлдық мектепке “жол тартты”. Қуыршақ театрының әртістері полицейлер “Абайлаңыз, балалар!” республикалық акциясы барысында оқу жылының басында барлық мектептерде өткізетін түсіндіру жұмысына араласып кетті. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында үш бала қайтыс болып, 28 кәмелетке толмаған зардап шеккен. Бұл үрейлі фактілер балалардың жол-көлік жарақатын алдын алуды күшейткен полиция қызметкерлерінің алаңдатушылығын туғызады.

– Біздің міндетіміз – тек жүргізушілердің ғана емес, балалардың назарын аударту, оларға бар маңыздылық пен жауапкершілікті, жолдағы тәртіп пен сақтық шараларын сақтауды түсіндіру. Көбіне балалар жол жүрісі ережелерін біледі, өйткені оларға кішкентайынан ата-аналары және мектептерде де айтады, – деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Қуыршақ театрының әртістері №2 мектепте қауіпсіздік сабағын өткізді. Бұл – облыс орталығындағы орталық көшелерінің бірінің жүру бөлігіне жақын орналасқан петропавлдық мектептердің бірі. Бастауыш буын оқушылары қонақтардың жолдағы жүріс-тұрыс қағидаларымен байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.

Бағдаршамды бейнелеген кейіпкерлер жолдан қалай өту, “оңға-солға” қарап, жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кездің өзінде қауіпсіздікке көз жеткізу керектігін әңгімелеп берді. Степа ағай алған білімдерін бекітуге көмектесті. Мектеп оқушылары “алыппен” қуана суретке түсті. Лирикалық кейіпкер мектеп оқушыларына патрульдік көлікпен келіп, балаларды жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

– Маған бүгінгі қонақтар ерекше ұнады. Олар полицейлермен бірге келді. Мен әзірге ата-анасыз мектептен үйге өзім бармаймын. Бірақ жолдан қалай өту керектігін білемін. Ұқыпты және абай болуға тырысамын, – дейді үшінші сынып оқушысы Андрей Ильчук.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру