Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды

Ақмола облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, бір күн бұрын оның 17 жасар қызы заттарын жинап, үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмағанын хабарлады.

Анасының айтуынша, оқудан бос уақытында қызы оның рұқсатымен дәмхана операторы ретінде жұмыс істеген.

Полиция қызметкерлері дереу іздеу шараларын ұйымдастырды. Қыздың орналасқан жерін анықтау мақсатында мобильді топтар құрылды, оның құрамына жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар кірді.

Кәмелетке толмаған қыздың басқа қалаға туыстарына бармақ болғаны белгілі болды. Сонымен қатар қыз бала хабарсыз кетер алдында ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға тырысқаны анықталды.

Іздеу шараларының нәтижесінде жас ақмолалық Алматы қаласынан табылды. Ол таныстарына барғаны белгілі болды.

Қызбен профилактикалық әңгіме өткізіліп, заңды өкілдеріне тапсырылды. Оқушының анасы өз кезегінде қызын іздеген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру