Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды

Ақмола облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым күні Целиноград АПБ жергілікті полиция қызметкерлері жоғалған қыздың туыстарымен бірлесіп, іздеу іс-шаралары барысында Целиноград ауданының 16 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады.

22 маусым күні кешкі сағат 21:00 шамасында отбасындағы кішігірім жанжалдан кейін қыз белгісіз бағытта үйден кеткендігі белгілі болды.

Бес сағат бойы полицейлер мен қыздың туғандары іздеу шараларын өткізді. Тәртіп сақшылары айналаны тексеріп, жасөспірімнің жақын таныстарынан жауап алды.

Нәтижесінде мектеп оқушысы түнгі 03:00 шамасында елді мекен көшелерінің бірінен табылды.

Жоғалған адамға қатысты ешқандай қылмыстық іс-әрекеттер жасалмағаны анықталды. Қазіргі уақытта ол ата-анасына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру