Ақмола облысында «Заңсыз такси» ЖПІШ барысында 183 ЖҚЕ бұзушылық анықталды
Ақмола облысында «Заңсыз такси» ЖПІШ барысында 183 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Заңсыз такси» ЖПІШ-тің алғашқы күні Ақмола полицейлері 183 жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтады.
43 жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Лицензиялау нормаларының 19 бұзушылығы анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 36 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамаудың 6 фактісі анықталды. Рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерудің жоқтығы үшін 6 жүргізуші жауапқа тартылды. Көлік құралдарын басқару кезінде 12 жүргізуші телефонды пайдаланды. Маневр жасау ережелерін бұзудың 13 фактісі, көлік басқару куәлігі жоқ адамдардың көлік құралдарын басқарудың 3 фактісі, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдың көлікті басқаруының 1 фактісі анықталды.
ЖПІШ барысында 6 көлік құралы арнайы тұрақтарға қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды бақылауды күшейтуге, олардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Заңсыз такси» ЖПІШ жалғасып жатыр.