Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жабайы қабанды атып өлтірген күдікті ұсталды

Ақмола облысында жабайы қабанды атып өлтірген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 наурызда Бұланды АПБ полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерінен телефон хабарламасы келіп түсті. Ол рейдтік іс-шаралар барысында ауданның ауылдарының бірінде 44 жастағы тұрғынның үйінің ауласынан жабайы қабанның басы және Yamaha 500 қарда жүргіші табылғанын хабарлады.

Келген жедел-тергеу тобы куәгерлердің қатысуымен өткен тексеру барысында жабайы қабанның басын, ұшасын және терісін, балта мен пышақты, «Мерке 12 М» мылтығын, сондай-ақ Yamaha 500 қар көлігін тәркіледі.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жабайы жануарлардың сүйектерін зерттеу бойынша сот-баллистикалық сараптама, сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру