Ақмола облысында жайылымнан жылқы ұрлаған азамат жауапқа тартылмақ
Ақмола облысында жайылымнан жылқы ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 тамыз күні Целиноград ауданының полиция бөліміне Раздольное ауылының тұрғыны ұрлық дерегі туралы арыз білдірген. Ер адамның айтуы бойынша, бірінші тамызға қараған түні өзіне тиесілі жылқыны құлынмен бірге белгісіз адам еркін жайылымнан ұрлап кеткен. Залал сомасы 1,2 млн теңгені құрады.
Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жоғалған жануарлардың орналасқан жерін анықтау үшін полиция қызметкерлері іздеу іс-шаралары барысында 50 шақырымнан астам жол жүріп өтті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде олар күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 44 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.
Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда құлыны бар жылқы тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Күдіктінің мойындау көрсетпелері бойынша, бақылаусыз жайылып жүрген малды көріп, ол ересек атқа мініп, тағы бір жылқысын тізгінге алған, ал құлын ұрлаушының соңынан өзі ерген. Нәтижесінде күдікті жануарларды танысының қорасында қалдырып, өзіне тиесілі екендігін айтқан.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мал иелеріне малды қараусыз қалдырмауға, аулалар мен шаруашылық құрылыстарын сенімді құлыптармен және күзет дабылымен жабдықтауға кеңес береді.