Ақмола облысында жарты жылда 20 есірткі қойып кетуші ұсталды
Есірткі бизнесімен айналысатын жастар көбінесе есірткіні көрші аймақтарға барып, табатыны белгілі.
– Мәселен, жарты жыл ішінде «Қарасора – 2022» ЖПІШ кезеңінде 6 студент ұсталған, оның үшеу Ақмола облысымен шекаралас өңірлердің студенттері, – деді облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Виталий Гудыменко.
«Қарасора – 2022» операциясы 1 маусымнан 31 қазанға дейін қарасора пісетін кезеңде жүргізілді. Ақмола облысы ПД-да Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есепке алу контингентін тексеруді, жедел ақпаратты пысықтауды, интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуді жүзеге асырды.
«Қарасора – 2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы 7 қарашада Полиция департаментінде өткен кеңесте шығарылды. «Қарасора – 2022» операциясының 5 айында заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі түрлері, оның ішінде 17 келіден астам марихуана, 11 келіден астам каннабис өсімдіктері, 700 грамм синтетикалық есірткі заттары мен 696 грамм гашиш тәркіленді.
Бұдан басқа ЖПІШ барысында есірткімен байланысты 131 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 48-і есірткімен байланысты қылмыс, 35-і сатумен байланысты, 8-і аса ірі мөлшерде есірткі сақтау, 5-і есірткі өсіру.
ЖПІШ кезеңінде облыс орталығының аумағында Павлодар облысының тұрғындары ұйымдастырған фито-есірткі лабораторияның қызметі анықталып, көзі жойылды. Аталмыш жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі міндеті – марихуана мен гашишті елдің оңтүстік өңірлерінен дайындап, шығаруға, сондай-ақ есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың, оның ішінде олардың жаңа түрлерінің қызметіне жол бермеуге қарсы іс-қимыл жасау.