Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қызметтік иттің көмегімен есірткі тасымалдаудың жолы кесілді

Абай облысында қызметтік иттің көмегімен есірткі тасымалдаудың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

7 қарашада Затон полиция бөліміне Семей – Павлодар бақылау-өткізу бекетінен жедел хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, Дана есімді қызметтік ит Қостанай қаласынан Өскемен қаласына Семей қаласы арқылы транзитпен бара жатқан Қостанай облысының тұрғынынан тыйым салынған заттарды иіскеп табады.

Тәртіп сақшылары күдікті азаматты тоқтатып, көлігіне тінту жүргізді. Тексеру барысында оның көлік құралындағы поликтің астынан есірткіге ұқсас байлам табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде кептірілген марихуана есірткісі екені расталады. Күдікті Қостанай облысының бұрын сотталған 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру