Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ЖҚЕ-нің 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталды

Ақмола облысында ЖҚЕ-нің 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жол қозғалысы ережелерінің 4057 бұзушылығы анықталды. 1395 жүргізуші жылдамдық режимін асырғаны үшін жауапқа тартылды. Көлік басқару куәлігінен айырылған адамдардың көлік құралдарын басқарудың 16 фактісі, басқару куәлігі жоқ адамдардың көлік басқарудың 70-тен астам фактісі анықталды. 37 азамат мас күйде көлік жүргізген. Жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін 17 жүргізуші тартылды. 398 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылды, 209 ақмолалық рульде телефон пайдаланды. Техникалық байқаудан өтпеген 137 автокөлік анықталды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша 98 азамат жауапқа тартылды. 5 жүргізуші қарсы жолаққа шықты, 10 автокөлік иесі апатты жағдай жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК 606-бабы (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көлік жүргізушілері 40 бұзушылыққа жол берді. 71 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) бойынша бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жол жүргені үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. 20 азамат көліктерді заңсыз түрлендірді. 89 көлік айып тұрағына қамалды. Жаяу жүргіншілер 428 бұзушылық жасады.

Жол инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін Ақмола облысының әкімшілік полиция басқармасы жол коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп 139 жол және жол құрылыстарын зерттеп-қарады, қосымша 20 жол белгісі қойылды. Жол және коммуналдық қызметтердің атына кемшіліктерді жоюға 103 нұсқама жіберілді.

ЖПІШ барысында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау бойынша 2 мыңнан астам жадынамалар мен буклеттер таратты.

Ақмола полицейлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда мұқият болуға және жол ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру