Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысындағы пробация қызметкері адамдарға көмектесуді азаматтық парыз санайды

Ақмола облысындағы пробация қызметкері адамдарға көмектесуді азаматтық парыз санайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық пробация қызметінің қызметкерлері адамдарға көмектесуді өз міндеті деп санайды.

Ерлан Бекишев пробация қызметінде 15 жылдан бері қызмет етіп келеді. Өз еңбек жолын Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде күзет бөлімінің бақылаушысы ретінде бастаған ол, уақыт өте сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінде мол тәжірибе жинақтап, отряд басшысы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Ерлан Бекишев Ақмола облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Сандықтау аудандық пробация қызметі бөлімінің міндетін атқарушы болып жұмыс істейді.

Ауданда есепте тұрған 20-дан астам сотталған бар. Олардың арасында бас бостандығын шектеу жазасына кесілгендер, шартты түрде сотталғандар, белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынғандар және қоғамдық жұмыстарға тартылғандар бар.

Есепте тұрған азаматтар түрлі елді мекендерде тұрады, ең шалғай орналасқан ауыл аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта.

– Есепте тұрған әрбір азаматқа пробация қызметі бөлімінде тіркеуден өту үшін алдын ала хабарламалар жіберіледі. Аудан орталығындағылар айына екі рет белгіленсе, шалғай ауылдардағылар белгіленген кесте бойынша айына бір рет келеді. Кейбір санаттағы азаматтарды аптасына бір рет тексереміз, ол үшін ауыл-аймаққа шығып, сотталғандардың тұрғылықты жеріне баруға тура келеді, – дейді ол.

Қызмет барысында Ерлан жол бойында жергілікті тұрғындарға талай рет көмек көрсеткен. Кейбір азаматтар ҚАЖД-ге қоңырау шалып, алғыстарын білдіретін видео үндеулер жолдайды.

– Адамдар түрлі себептермен ауданға келеді, арасында балаларымен жүргендер де бар. Кейде кері қайтқанда көлік таба алмай, жол бойында тұрып қалады. Әсіресе ауа райы нашар кезінде, қарттар, әйелдер мен балалар жолда қалып жатса, қалай ғана өтіп кетесің? Мен бұны тек қызмет аясында емес, азаматтық парызым деп санаймын. Мәселен, жуырда қыстың алғашқы күндерінде тексеруге шыққанбыз. Жолда бала ерткен бір әйел тұр екен, ауа райы суық, жел, ерте қараяды. Мұндайда қалай көмектеспейсің, – дейді Ерлан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру