Ақмола облысының полицейлері көкшетаулық студенттермен кездесті
Ақмола облысының полицейлері көкшетаулық студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың басынан бастап Ақмола облысының есірткі полицейлері Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының жатақханаларына баруды қайта бастады.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, есірткі бизнесіне тартуға жол бермеу, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.
7 ақпанда Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Дархан Сыздықов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Арасан» жатақханасына барды. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген студенттермен кездесті.
Жедел уәкіл студенттерге синтетикалық есірткіні қолданудың зияны, құқықтық аспектілер, интернет-ресурстар арқылы есірткіні таратқаны үшін қылмыстық заңнаманы қатайту туралы айтты.
Тыңдаушылардың назары «есірткі салушы», «минер» немесе «трафаретчик» сияқты фактілерге аударылды, олар есірткі заттарын граффити суреттері, ғимараттардың қасбеттеріндегі, қоршаулардағы, асфальттардағы жазулар түрінде қалдырады немесе Internet желісінде тыйым салынған ақпаратты таратады.
Практикадан алынған мысалдарға сүйене отырып, есірткі полицейлері уәде етілген заңсыз оңай табыстың бағасы іс жүзінде бас бостандығынан айырудың үлкен мерзімі және адам тағдыры бұзылғанын айтты.
Осы апта ішінде полицейлер университеттің барлық бес жатақханасына барады.