Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Атырауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпан күні сағат 04:30 шамасында Атырау қаласы, Г.Бергалиев-М.Шоқай көше қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның 29 жастағы жүргізушісінің көлік басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Ер адамды медициналық сараптамадан өткізу кезінде оның “жеңіл дәрежелі” масаң күйде екендігі белгілі болды.

29 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Одан басқа, аталған азаматтың жанында жолаушысы болып отырған 40 жастағы әйелдің ВАЗ-2115 автокөлігінің иесі екендігі анықталды. Осыған байланысты көліктің иесі бола тұра, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйдегі адамға көлік басқаруға бергені үшін азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 428 820 теңге көлемінде айыппұл салынып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Еске сала кетейік, Атырауда жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 60-тан астам жүргізуші әкімшілік жакапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру