Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді

Күршім ауданы тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының соңында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Күршім АПБ-нің полиция қызметкерлері Күршім ауылының 26 жастағы тұрғынының есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Оның гаражын тінту барысында ерекше иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, табылған зат  салмағы 2807,59 граммды құрайтын кептірілген марихуана.

Бүгінгі күні қаскөйге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚКнің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сірткі құралдарын, психотроптықзаттарды, олардың аналогтарын өткізумақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру