Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полиция бөлімшелері жанынан «Adaldyq alańy» жаңа кеңселері ашылды

Ақмола облысының полиция бөлімшелері жанынан «Adaldyq alańy» жаңа кеңселері ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға және азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыруға мүмкіндік беретін полицияның барлық аумақтық бөлімшелерінде «Adaldyq alańy» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди «Adaldyq alańy» жобасы және жалпы ІІО жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру туралы айтып берді.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов және Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі департаментінің бастығы Арман Саданов та қатысты.

– Бүгінде ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет пен қоғамдық бақылау полиция үшін басым бағыт болып табылады, ал «Adaldyq alańy» жобасы полиция мен қоғам арасындағы байланыстырушы көпірге айналады, – деп атап өтті А.Калайчиди.

Кездесуге қатысушылар Көкшетау қаласы мен Зеренді кентінде ашылған екі жаңа «Adaldyq alańy» фронт-офисіне барды.

Бұл жоба халықпен коммуникация жасау үшін негізгі офлайн-платформалардың біріне айналады. Қабылдау бөлмелерінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған, заманауи жабдықтар орнатылған, интернеттің сымсыз желісіне қол жетімділік бар. ІІМ басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі мен жазбасы, сенім телефондары, өтініштер мен басқа да құжаттар нысандарын толтыру үлгілері туралы толық ақпараты бар стенд қойылған. Фронт-офисте азаматтарға ауқымды мәселелерді шешуге кеңес беретін және көмектесетін қызметкерлер үнемі кезекшілік етеді.

Бұл жерде азаматтар полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарларына өтініш бере алады немесе жеке қабылдауға жазыла алады, ал егер өтініштер мен арыздарда қылмыс құрамының белгілері байқалса, онда полиция қызметкерлері бұл хабарламаны сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

Ақмола облысында «Adaldyq alańy» жобалық кеңселері облыстық полиция департаментінің әкімшілік ғимараттары аумағында және 17 қалалық және аудандық бөлімшелерде орналасқан. Сонымен қатар, олардың құрылысы Аршалы және Қорғалжын аудандарында жоспарланған.

ІІМ өкілдері Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығына, учаскелік пунктке және «Модуль-1» стационарлық полиция бекетіне, Зеренді аудандық полиция бөліміне барып, Ақмола полициясының азаматтардың өтініштеріне ден қою, құқық тәртібін, тұрғындардың қауіпсіздігін және конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру