Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда тұрғынның сарайынан құрылыс заттарын ұрлаған ұры анықталды

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бұрын жасалған ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың наурыз айында полицияға облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны белгісіз адамдар сарайының кіре беріс есігінің құлпын бұзып, 300 мың теңге көлеміндегі құрылыс материалдарын жасырын ұрлап кеткендігі туралы хабарласқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының полиция қызметкерлері осы ұрлықты жасаған 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру