Құтқарушылар қар құрсауында қалған жүкті әйелге көмек көрсетті
Ақмола облысында құтқарушылар жүкті әйелді Макинск қаласының перинаталдық орталығына жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурыз күні сағат 16:42-де Бұланды ауданының 8-МӨСБ байланыс пунктіне қардың қалың жауып, жолдың болмауынан Карамышевка ауылынан жүкті әйелді ауруханаға жеткізе алмайтыны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Шақырту орнына көмек көрсету үшін құтқарушылар және дәрігерлер бригадасы тез арада «ТРЭКОЛ» автокөлігімен шықты. Олар қар құрсауында қалған жолдардан өтіп, ауылға жетті. Жедел жәрдем босанатын әйелді алып, ауылдан перзентханаға дейін 65 км қашықтықты жүріп өтті.
Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында жүкті әйелдің жағдайы жақсы, әйел мен баласының өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.