Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алғыс күнінде полицейлер аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

Алғыс айту күніне орай Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қайырымдылық істерін атқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасына қолдау көрсеткен полицейлер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарларын табыстады.

Жеке құрам қызметкерлері аудандағы Шалдар, Жиенқұм ауылдарына арнайы барып, онда тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын білді. Қажетті заттармен қамтып, көпбалалы аналардың алғысын алды.

– Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Әрдайым қамқорлық танытып, қолдау білдіріп отырады. Алғыс айту күнінде баршасына рахметімді айтамын, – дейді З.Рахимова.

«Қамқорлық» жобасы бойынша қолға алынған игі істерді полицейлер алдағы уақытта да жалғастыратындығын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру