Ақмола облысының тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтаған
Ақмола облысының тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық орындарда қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 15-17 наурыз аралығында Ақмола облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Ағымдағы жылдың 15 наурызында Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Астрахан ауданы тұрғынының қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Ауыл тұрғынының шаруашылық құрылысында полицейлер ішкі істер органдарында тіркелмеген ТОЗ-БМ тегіс ұңғылы аңшылық мылтықты тауып, тәркіледі.
Аталған дерек ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігіне (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Баллистикалық сараптама тағайындалды.