Ақмола облысының тұрғыны жанармай құю бекетінде жалған ақшамен төлем жасаған
Ақмола облысының тұрғыны жанармай құю бекетінде жалған ақшамен төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Автоураган» жүйесінің көмегімен жалған ақша купюрасымен төлеген күдікті анықталды.
Бурабай ауданының полиция бөліміне жанармай құю бекеттерінің біріндегі қауіпсіздік қызметінің қызметкері алаяқтық туралы арызбен жүгінді.
Ер адам 1 желтоқсан күні жанармай құю бекетінде болған кезде белгісіз адам номиналы 10 мың теңге болатын кәдесый банкнотымен төлегенін хабарлады.
Жәбірленуші тарабының айғақтары бойынша сағат 18:00 шамасында жанармай құю бекетінде Тойота 70 автокөлік келді. Жүргізуші көлікке жанармай құйып, жалған болып шыққан ақшамен төлем жасады.
«Автоураган» жүйесінің көмегімен жалған ақшамен төлем жасаған адам анықталды. Ол 44 жастағы Жамбыл облысы, Шу қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдіктінің айтуынша, ақшаны оған таныстары берген және ол қателесіп ақшаны әмиянға салған.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.