Ақмола облысының тұрғынына тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыруға жалған уәде берген күдікті ұсталды
Ақмола облысының тұрғынына тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыруға жалған уәде берген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қосшы қаласы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуы бойынша, оған үлкен сомада қаражат қажет болған, бірақ банк несие рәсімдеуден бас тартқан. Кейін осы жылдың 13 қарашасында оған WhatsApp мессенджерінің жарнамалық чаттарының бірінде делдалдық туралы хабарландыру жариялаған белгісіз адам көмек білдірген. Залал сомасы 1 млн теңгені құрады.
Алаяқ жәбірленушіге банктердің бірінің қосымшасы арқылы тауарлық несие алуды, содан кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырып беруге уәде еткен. Кейінірек, несие өтініш берушінің шотына түскен кезде, делдал ақмолалықты бұл қолма-қол ақша рәсіміндегі қажетті кезең екеніне сендіріп, оның шотына ақша жіберуді талап етті. Жәбірленушінің ақшалай қаражатын алғаннан кейін, алаяқ телефонды өшіріп, онымен байланыс орнатуды тоқтатты.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта күдікті адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.