Ақмола облысының ұстаздары терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларымен танысты
Ақмола облысында полицейлер педагогтарға төтенше жағдайлар мен терроризм актісінің қаупі төнген кездегі іс-қимыл алгоритмін таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласындағы № 2 мектеп-лицейінің педагогикалық құрамымен кездесу өткізді.
Іс-шарада терроризмге қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша негізгі талаптар айтылды. Қатысушыларға техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және террористік сипаттағы түрлі қауіптер туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі жеткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға құқық қорғау органдары мен құтқарушылар келгенге дейін төтенше жағдайға барынша тиімді және жылдам бейімделіп және әрекет етуге көмектесу.
Сондай-ақ білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар айтылды.
Облыс орталығының басқа да жалпы білім беру мекемелерінде осындай кездесулерді ұйымдастыру жоспарланған.