Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Өскеменде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. УПП-ның ашылу салтанатына ішкі істер министрінің орынбасары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңадан ашылған учаскелік полиция пункті ШҚО орталығының белсенді дамып келе жатқан төрт шағын ауданға ыңғайлы жерде орналасқан. Онда азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған: жаңа бөлмелер, қажетті құрал-жабдықтар, ақпараттық стендтер, тіпті балалар бөлмесі де бар. Мұның барлығы жергілікті атқарушы органдардың белсенді қолдауының арқасында жасалды.

Жаңадан ашылған бекетке бірінші болып Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков аяқ басты.

– Құқық бұзушылықтың алдын алуда учаскелік полиция инспекторларының рөлі зор. Қазір олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасап жатырмыз. Сондықтан заман талабына сай, қоғамның мұң-мұқтажын естіп, дер кезінде жауап беру – әрбір адамның басты міндеті, – деді Айдар Сайтбеков.

Бұл аумақта тұратын 43 мыңнан астам азаматқа 7 учаскелік инспектор қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру