Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері құны 6 миллион теңге болатын мал ұрлығын ашты

Ақмола облысында бір жылға жуық уақыт бұрын жоғалған жылқылардың ісіне қатысты күдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй малының жоғалғаны туралы арыз қалалық полиция басқармасына өткен жылдың желтоқсан айында келіп түсті.

Мал иесінің айтуынша, 2019 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін белгісіз жағдайда 18 бас жылқы, оның ішінде 13 бие және 5 құлын жоғалып кеткен. Зардап шеккендерге 6 миллион 200 мың теңге шығын келтірілді.

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында арнайы операцияның аясында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 1962 жылы туған Көкшетау қаласының тұрғын анықтады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды ашудан басқа, арнайы операция шеңберінде жеке меншік иелерімен және шаруа қожалықтарының басшыларымен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көп жағдайда мал ұрлығының себебі: еркін мал жаю,  бақылаудың болмауы, сонымен қатар қой, ірі қара, жылқы ұстауға арналған үй-жайлар құлыптау құрылғыларымен жабдықталмағандығы. Бұл мал ұрлығын еркін жүзеге асыруға себеп болады.

Осы қылмыс түрінің жиілеуіне тағы бір себеп — зардап шеккендердің полицияға уақытында жүгінбеуі болып табылады. Иелері іздестіруді өз бетінше, бірнеше күн бойы жүзеге асырады, содан кейін ғана полициядан көмек сұрайды. Полиция қызметкерлері азаматтардан өз мүліктерін сақтау үшін қажетті шараларды уақытылы қабылдауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру