Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарды жаңа бағдарламамен таныстыру жұмыстары жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы №2 Жарма аудандық пробация қызметкерінің қатысуымен сотталғандарды бағдарламамен таныстыру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОВ-156/18 мекемесінде сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие  жұмыстары 2014 жылы 13 тамызда шыққан ҚР ІІМ №508 бұйрығына сәйкес атқарылды.

2020 жылдың 27 қаңтар айында ҚР-ның «Пробация туралы» заңының қолданысқа еңгізілуіне байланысты, пенитенциярлық пробацияны орындау шеңберінде №2 Жарма аудандық пробация қызметкерінің қатысуымен сотталғандарға бағдарламаны таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сотталғандар қойған сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарылды. Бұндай бағдарлама сотталғандар тарапынан қызығушылық тудырды.

Мекеме әкімшілігі, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкері тарапынан барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚАЖ қызметкерлері бүгінгі бостандыққа шыққан азаматқа қоғам қатарына қосылып кетуіне тілек білдірілді.

Сонымен қатар алдағы уақытта өзге де мүмкіндіктерді қарастыру мақсатында аталған мамандар және Жарма аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандарымен ай сайын кездесулер өткізіліп тұратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру