Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер алаяқтардың қулығына жол бермеді

ШҚО-да полицейлер алаяқтардың қулығына жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпаннан бастап бүкіл облыс бойынша Шығыс Қазақстан полицейлері өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтық түрлері мен әдістері туралы ескертуге бағытталған “Тоқта, алаяқ” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Полиция қызметкерлері 8 күн ішінде аймақтың 30 мыңнан астам тұрғынның үйін аралаған, осындай айналымдардың бірінде тәртіп сақшылары Шемонаиха ауданы тұрғынының есігін қаққан.

– Маған бейтаныс адамдар қоңырау шалып, қосымшаны орнатуды өтінді. Осы кезде жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері келіп, олардың алаяқтар екенін, қосымшаны қолданбау керектігін түсіндірді, – деді шығысқазақстандық азамат.

Алғыс білдірген тұрғын бірден телефон тұтқасын қойып, полицейлерді мұқият тыңдап, eGov mobile қосымшасы арқылы несиені уақытша босату қызметіне өтініш тастады. Полиция департаменті облысымыздың барлық азаматтарын қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел “102” арнасына хабарласу керек екенін еске салды.

– Өтінішті eGov mobile немесе eGov.kz порталында азаматтың өзі ғана бере алатыны есіңізде болсын. Кредиттер мен микроқарыздарды ресімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынып тасталады. Бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады. “Тоқта, алаяқ” ЖПІШ 20 ақпанға дейін жалғасады, – деді ШҚО ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру