Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері тіркелмеген қарумен жасалған екі заңсыз аңшылық фактісін анықтады

СҚО полицейлері тіркелмеген қарумен жасалған екі заңсыз аңшылық фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданында учаскелік полиция инспекторы Бұрлық орман шаруашылығы мен Қаратал ауылының арасындағы грейдерде 16-калибрлі ТОЗ мылтығын және 4 патрон салынған оқшантайды асынып келе жатқан ауданның 47 жастағы тұрғынын тоқтатты. Мылтық тіркелмеген болып шықты. Отын дайындайтын кәсіпорында жұмыс істейтін ер адам сібір елігін атып алғанын және оның етін ормандағы жылжымалы шағын вагонға жасырып кеткенін мойындады. Сібір елігін заңсыз атып, етін мүшелеген орын да белгілі болды, сол жерден жануардың мүшелері мен атылған гильза табылды.

Ал Шал ақын ауданында полиция қызметкерлері мен Сергеев орман шаруашылығының жұмысшылары орман ішінде Буран қарда жүргіш техникасын байқап қалды, оның жүксалғышынан жануардың еті табылды. Техниканың сумен қамтамасыз етуші кәсіпорынға тиесілі екенін анықталды. Заңсыз аңшылық жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған кәсіпорынның 59 және 26 жастағы екі жұмысшысын ұстады. Екіншісінен 16-калибрлі ИЖ-18 тіркелмеген мылтық пен оған арналған 9 патрон табылып, тәркіленді. Бұл жағдайда да жануарды заңсыз атып, етін мүшелеген орын анықталды. Күдіктілердің айтуынша, олар істен шыққан қарда жүргіш техника мен заңсыз олжаларын кейін алып кету үшін қалдырып кеткен.

– Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта аша тұяқты жануарларға аңшылық жасауға тыйым салынған. Ақпан айының басынан полиция қызметкерлері орман және аңшылық шаруашылықтарының жұмысшыларымен бірлесіп, “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. 7 күн ішінде 91 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 62-сі – аңшылық, 21-і – балық аулау қағидаларының бұзушылықтарыі, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру