Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталды

Астанада көлденең таңбаны кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін “Қауіпсіз жол” жедел  алдын алу іс-шарасы барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Renault Logan автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісін тоқтатты.

Жүргізуші Гете көшесімен көлікті басқара отырып, көлденең таңбаны кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткені анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді. Заңға сәйкес, аталған бұзушылық үшін астаналық азамат алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 5-29 ақпан аралығында Астана қаласы аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара басталғаннан бері полицейлер әкімшілік заңнаманы 2 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, мас күйінде көлік басқарғаны үшін 4 адам қамауға алынды, 54 бұзушы ЖКО болған жерден қашып кеткен, 70-тен астам жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүріп өткен, 100-ге жуық жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру