Ақмола полицейлері адам өлтіру бойынша істі тергеуде
Ақмола полицейлері адам өлтіру бойынша істі тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 ақпанда сағат 10:35-те Бұланды ауданының полиция бөліміне Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы ауылдық округ әкімінен телефон хабарламасы келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
18 ақпан күні шамамен сағат 15:00-де ер адам досына келген. Ішімдік ішу және жанжал кезінде әйел қарсыласын кеуде аймағына пышақпен ұрған. Сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.