Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының полиция қызметкерлері жалғызбасты анаға көмектесті

Алматының полиция қызметкерлері жалғызбасты анаға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде тұрмысы нашар отбасылар мен қиын жағдайға тап болған жанұяларды анықтау мақсатында арнайы рейдтер өткізіліп тұрады. Міне, осындай іс-шарадан кейін Наурызбай ауданының тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған екі баласы бар 35 жастағы әйелді өз қамқорлығына алды.

– Ж.есімді азаматша Алматы облысынан көшіп келгеннен кейін қиын жағдайға тап болған. Оған жұмысқа орналасуға және баспанамен көмектесемін деп уәде берген. Бірақ неге екені белгісіз олай болмай шақты, жас ана 7 және 10 жастағы балаларымен көшеде қалды. Наурызбай аудандық ЮПБ қызметкерлері әйелге баспана табуға көмектесті және балалардың қай мектепке баратыны анықталды. Сонымен қатар, материалды, отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсету және анасын жұмысқа орналастыру үшін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға жібердік, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру