Ақмола полицейлері автокөліктің жүксалғышымен жаралы жабайы қабанды тасымалдаған браконьерді ұстады
Ақмола полицейлері автокөліктің жүксалғышымен жаралы жабайы қабанды тасымалдаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 маусым күні сағат 03:30-да Бұланды ауданының полиция бөліміне учаскелік инспектор Д.Қаскеновтың Никольское ауылының маңында браконьерлікпен айналысқан екі ер адам жабайы қабанды атып өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Полиция бөлімі аталған деректі ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша СДТБТ-да тіркеді.
Жараланған жабайы қабанды полицейлер ауданның 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы УАЗ Патриот автокөлігінің жүксалғышында тапты. Жүргізушіден басқа көлікте бірге жолаушы, 57 жастағы жергілікті тұрғын болған, ол жануарды атып өлтіргенін мойындаған.
Ер адамнан 12 калибрлі ИЖ-27 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.