Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтады

Ақмола полицейлері балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының тұрғынында әртүрлі некеден балаларды асырауға 7 млн теңгеден астам сомада алимент төлеу бойынша берешек қалыптасты. 18 сәуір күні Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың қала тұрғынына қатысты екі өтініші келіп түсті.

Әйелдер ұзақ уақыт бойы бұрынғы жұбайы кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеу міндетін атқармайтынын хабарлады. Бірінші жағдайда, төлемеуші 2013 жылдан бастап алимент төлеуден жалтарған. Қарыз сомасы 4 млн теңгеден асты. Екінші некеде ер адам 2019 жылдан бастап балаларды асырауға алимент төлемеген, нәтижесінде оның 3 млн теңгеге жуық берешегі бар.

Полиция басқармасы екі дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жалпы, ағымдағы жылдың үш айында Ақмола облысында алимент бойынша 22 борышкер іздестірілді. Қазіргі уақытта 10 алиментшінің орналасқан жері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру