Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері біреудің көлігінің терезесін сындырған бұзақыны ұстады

Біреудің көлігінің терезесін сындырып, жәбірленушіге 95 мың теңге шығын келтірген ақмолалық азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурызда Целиноград ауданының полиция бөліміне Қосшы кентінің «Лесная поляна» тұрғын алабының 49 жастағы тұрғынынан шағым түсті. Ер адам белгісіз біреудің өзіне тиесілі «Nissan Micra» маркалы автомобилінің артқы терезесін сындырғанын хабарлады, жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 95 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен көліктің терезесін сындырған Тайтөбе ауылының 20 жастағы тұрғынын анықтады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру