Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да басқару құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне қайта отырғаны үшін қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Өскемен қаласы Карбышев көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзған «Mitsubishi» маркалы автокөлікті тоқтатқан. 

Тексеру кезінде аталған көліктің жүргізушісінің осыған дейін сот қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы, сондай-ақ жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғаны анықталды. Жүргізуші медициналық куәландырудан өткізу үшін наркологиялық диспансерге жеткізілді, медициналық куәландыру қорытындысы жүргізушінің «орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде» екенін көрсетті.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру