Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бұрын жасалған ұрлықты ашты

Бұланды ауданының криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурызда Макинск қаласының 60 жастағы тұрғыны Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінді. Әйел 13-14 наурыз аралығында белгісіз адам үйінен Samsung планшетін ұрлап әкеткенін айтты. Келтірілген шығын сомасы 100 мың теңгені құрады. Ақмолалық тұрғын полицияға бірден жүгінбеген, өйткені гаджеттің жоғалғанын басқа қаладан сапардан оралғанда ғана байқаған, оны қарт анасы қолданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, 13 наурызда Макинск қаласының бұрын сотталған 39 жастағы тұрғыны кешке бейтаныс адамдардың үйіне кіріп, үй иесі мен оның қарт қайын енесі ұйықтап жатқанын пайдаланып, бөлмелердің бірінде орындықта жатқан планшетті ұрлап, қашып кеткен.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Бұланды ауданының ПБ УҰИ-не қамалды. Планшет иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру