Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жоғалған 3 сиырды иесіне қайтарды

Түркістан полицейлері жоғалған үш сиырды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы үш бас сиырының жоғалғаны туралы арызданған. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Содан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұраған. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырларды іздеу жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді. Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Созақ АПБ-ның полицейлері жоғалған үш сиырды 30 шақырым жерде орналасқан тау ішіндегі жайылымнан тапты.

Табылған сиыр иесіне қайтарылды.

– Мен үш бас сиырымды жоғалтып, Созақ ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рақмет! Өздеріңіздің арқаларыңызда сиырым табылды, – деп ауыл тұрғыны полицейлерге ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру