Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 наурызда сағат 19:40 шамасында Жаңатұрмыс ауылында Астрахан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен көшелерді патрульдеу кезінде Ақкөл ауданының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21070 көлігі тоқтатылды. Жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзып, полицейлердің назарын аударды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші «жеңіл дәрежеде» мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл жүргізушінің өткен жылы жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші Астрахан ауданының полиция бөлімінің УҰИ қамалды.

Ағымдағы жылдың 2,5 айында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 335 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың 18 тұрғыны ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру