Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көліктің жүксалғышынан еліктің ұшасы мен мылтықты тапты

Ақмола полицейлері қарағандылық тұрғынның көлігінің жүксалғышынан еліктің ұшасы мен мылтықты тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада Екатеринбург – Алматы республикалық автожолының 1290-шақырымында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу шеңберінде Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Саян Нагуманов пен Саян Сұлтан Қарағанды қаласының 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Land Cruiser автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің салонын тексеру барысында багаждан полицейлер сібір елігінің бөліктелген ұшасын, МЦ-2112 мылтығын, СZ 527 иір ойықты қаруды тапты.

Аршалы полиция бөлімі осы фактіге сәйкес, 337-баптың 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жануардың ұшасы сот-сараптамалық биологиялық зерттеуге жолданды, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру