Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда учаскелік инспектор өртеніп жатқан көлікті сөндірді

Алматыда учаскелік инспектор өртеніп жатқан көлікті сөндіріп, қайғылы оқиғаның алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Достық даңғылы бойындағы үйдің ауласында көлік өртенді деген хабар келіп түсті. Медеу аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ерік Жорақұлов бұл хабарды ести сала, дереу әрекет етті. Жақын жерде адамдардың жоқтығына көз жеткізген соң, куәгерлердің өрт сөндіргіштерін пайдалана отырып, өртті сөндіре бастады.

Полиция қызметкеріне үй тұрғындары да көмекке келді. Мамандар көліктегі өрттің тез таралып, 2-3 минутта толығымен жанып кететінін атап өтті. Сондықтан автокөліктің электр жабдығын арнайы тексерістен өткізу керек.

Алматы полициясы сақтандырғыштардың орнына “жучоктарды” пайдаланбай қажеттігін және әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіштің болуы маңызды екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру