Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері кюветке түскен ГАЗель жүргізушісіне көмек көрсетті

Ақмола полицейлері кюветке түскен ГАЗель жүргізушісіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сурган автожолының 241 шақырымында ГАЗель көлігі кюветке түскені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсету үшін жіберілді.

Ер адамның Қостанай қаласынан Алматыға келіп, тауар тасымалдағаны анықталды. Ауа райы нашарлаған, сондықтан таңертең көлікті құтқару туралы шешім қабылданды.

Полиция қызметкерлері Ақыл Секенов пен Мират Шаимов ГАЗель жүргізушісін жақын маңдағы қонақ үйге түнеп шығуға апарды. Кейін «Тұлпар-16» патрулінің экипажы ауа райының нашарлауына байланысты автожолды жабу үшін патрульдеу маршрутына аттанды. Полицейлер түні бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде автокөлік құралының жанында болды.

28 желтоқсан күні таңертең тәртіп сақшылары қар құрсауынан жүк тиелген көлікті құтқару үшін арнайы техника тапты. Қызметкерлерге жергілікті тұрғындар да көмекке келді. Полицейлердің, жергілікті тұрғындардың, жол ұйымы қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында ГАЗель көлігін іске қосу мүмкін болды.

Автокөліктің капотының астында қар жиналып қалған, осыған байланысты жүргізуші көлікті жылытып, жолын жалғастыру үшін жылы бокс табуды сұрады. Автокөлік Есіл қаласына жеткізілді, жылы бокс табылды.

Полицейлерге риза болған жүргізуші алғыс сөздерін жазып, тәртіп сақшыларына бақыт, мықты денсаулық, жұмыста табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру