Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері биылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын шығарды

Ақмола полицейлері 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсанда Ақмола облысының Полиция департаментінде жедел кеңес өтті, онда 2021 жылғы жедел-қызметтік іс-әрекеттің қорытындылары шығарылды.

Ақмола полицейлері қызметінің қорытындылары туралы ведомство бастығы Арманбек Баймурзин баяндады. Кеңесте тәртіп сақшыларының қызметінде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды және оларды шешу жолдары белгіленді.

– Полиция департаменті жұмысының басым бағыттары Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындау, алдын алу жұмыстары, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу бойынша қызметті жетілдіру болып қала береді, – деп атап өтті бас ақмолалық полицей.

Ол қатысушыларға ІІМ-нің жақында өткен алқа отырысында Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев қойған міндеттерді жеткізді. Кешенді шараларды іске асырудың арқасында жедел жағдайды бақылау қамтамасыз етілді. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 10%-ға төмендеді, ауыр қылмыстардың 22%-ға төмендеуіне қол жеткізілді, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың төмендеу үрдісі сақталды. Полицияның кешенді күштерінің алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында тонау мен автокөлік ұрлығын тіркеу 40%-ға төмендеді.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы 269 есірткі қылмысы анықталып, 65,9 кг есірткі заты тәркіленді. “Жасөспірімдер” және мас адамдар жасаған қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтар азайды. Бұл ретте құқық бұзушылықтардың алдын алуда учаскелік полиция инспекторларына басты рөл беріледі. Ағымдағы жылы олар 800-ден астам қылмысты ашып, 43 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында полиция жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың барлық мектептерін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Бірлескен жемісті жұмыстың арқасында облыстың барлық мектептері бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Мал ұрлығы фактілерінің саны 15,9%-ға төмендеді. Мұндай қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмыс жалғастырылып, күшейтілетін болады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда.

Қосшы қаласының, Бурабай және Атбасар аудандарының полиция бөлімдерінің басшылары 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру