Ақмола полицейлері мереке қарсаңында алаяқтардың белсенділігі артатынын ескертті
Ақмола полицейлері азаматтар ескертулерге қарамастан, бұрынғысынша банк қызметкерлерімін деп таныстырған алаяқтардың құрбаны болып, жәбірленушілерге алдау жолымен ақшалай несие ресімдейтінін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтар, әсіресе, мереке қарсаңында, азаматтар қырағылықты жоғалтқан кезде белсенді бола бастайды.
Несие рәсімдейтін алаяқтар қазақстандықтардың дербес деректерін ұрлауға мүмкіндік беретін түрлі схемаларды ойлап табады.
Полиция қызметкерлері ешкімге жеке деректерді, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін бермеуге кеңес берді.
Банк қызметкерлері банк картасының деректерін, сондай-ақ кодтарды беру туралы немесе телефонға қандай да бір қосымшалар орнату туралы өтінішпен қоңырау шалмайтынын еске салды.