Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ер адам танысының алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізген

Көкшетауда ер адам танысының алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 желтоқсанда Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жәбірленуші өтінішпен жүгініп, 25-26 желтоқсан аралығында өзі тұратын пәтерден 195 мың теңге сомасына алтын бұйымдар ұрланғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 21 жастағы Степногорск қаласының тұрғыны, жалға алынған пәтерде жәбірленушімен бірге тұрған, өтініш берушінің танысы болып шықты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға енгізілді. Күдіктінің берген түсінігі бойынша ол ұрланған заттың бір бөлігін ломбардқа салған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру