Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны қайырымдылық қорабынан ақша ұрлады деген күдікке ілінді

Павлодар облысында ауыл тұрғыны қайырымдылық қорабынан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты аудандық полициясы кезекші бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша қаражаты ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнын пысықтау барысында криминалист қолдың папиллярлы сызықтарын, адамның саусақтарының іздерін анықтады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізілді, онда картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Күдікті ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру