Ақмола полицейлері 1200-ден астам көлікті қарлы бораннан алып шықты
Ақмола полицейлері 4 бағанадан тұрған 1200 ден астам көлікпен ілесіп жүрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жылдың алғашқы күндері Ақмола полицейлері үшін оңай болмады. Облыс аумағында бірнеше күн бойы қолайсыз ауа райы жағдайлары байқалды. 4 қаңтар күні сағат 12:00-ден кейін автокөліктердің көптеп жиналуына байланысты Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 4 бағанмен ілесіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары 500-ге жуық жеңіл және 70-ке жуық жүк көлігімен ілесіп жүрді.
Щучинск қаласынан Астанаға жүріп бара жатқан 170-ке жуық жеңіл және Астана қаласынан Щучинск қаласына 100 жүк көлігі аман-есен жетті. 270-ке жуық көлік құралының колоннасын Жібек Жолы кентінен Қарағанды облысының Анар станциясына дейін полиция қызметкерлері ілесіп жүрді.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Анар станциясынан Астанаға дейін 160-қа жуық автокөлікті, оның ішінде 30 жүк көлігімен ілесіп жүрді. Айта кетсек, іс-шараларға 93 полиция қызметкері мен 56 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.