Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері қолайсыз ауа райында жолда қалған азаматтарға көмектесті

Көлік полицейлері қолайсыз ауа райында жолда қалып қалған азаматтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының Ерейментау станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты қарлы жолда қалып қойған азаматтарға көмектесті.

Ауа райының күрт нашарлауына және қалың қардың түсуіне байланысты еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылған.

Ағымдағы жылдың 3-4 қаңтарында Ерейментау станциясындағы көлік полицейлері теміржол вокзалының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп Шідерті – Ерейментау – Астана қатынасындағы тас жолынан эвакуацияланған жолаушыларға көмек ұйымдастырды.

– Жолда қалып қойған жолаушыларға ыстық шай мен азық-түлік таратылып, оларды теміржол көлігімен жөнелту бойынша көмек көрсетілді, – деді ЖПб бастығы Бақтияр Әбжанов.

Барлығы 70-ке жуық азаматқа көмек көрсетілді. Азаматтар полицейлерге және басқа да бей-жай қарамаған жандарға көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру