Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері салынып жатқан нысанда 12 шетелдікті ұстады

Ақмола полицейлері салынып жатқан нысанда 12 шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң бұзушылық «Заңсыз келуші-2021» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Мигранттар заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды.

Көкшетау қаласының ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кешені барысында облыс орталығы мекемелерінің бірінің салынып жатқан ғимаратын тексерді.

Нысанды тексеру кезінде полиция қызметкерлері құрылыс объектісінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 12 азаматын анықтады, бұл ретте шетелдіктерде жұмысқа орналасуға қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтар ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 519-бабының 1-бөлігі бойынша заңды бұзып, шетелдік азаматтарды жұмысқа тартқан жұмыс беруші де жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, 11-18 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында «Заңсыз келуші-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру