Ақмола облысында автокөлік ұрысы саусақ іздері арқылы ұсталды
Ақмола облысында автокөлік ұрысы саусақ іздері арқылы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазанда полицияға Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан 11 қазанға қараған түні Көкшетау қаласы Әуелбеков көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адам өзіне тиесілі ВАЗ-2199 маркалы автокөлігін ұрлап әкеткені туралы арыз келіп түсті.
Қостанай айналма жолының шетінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті анықтады. Жедел-тергеу тобының құрамында оқиға орнына криминалист-мамандар шықты.
Жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкерлері тастап кеткен көліктің салонынан қолының 13 ізін, қолғаптан, микробөлшектерден және т.б. іздерін қолда бар есептер бойынша тексерген кезде мамандар санаулы сағаттарда із иесін анықтады.
Одан әрі тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті анықталып, ол 32 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.